Байқоңырдан ұшқан зымыран қалдықтарының құлауы салдарынан бір адам көз жұмды.

Байқоңырдан ұшқан Союз-2.1 зымыранының қалдықтары 14 маусым күні Қарағанды облысы аумағына келіп құлаған. Салдарынан 15 шақырым жер өртке оранып, бір адам көз жұмған.

Өрт Қарағанды облысына қарасты Талап ауылынан 16 шақырым жерде Жезқазған-Қызылорда тас жолына жақын жерде болған. Өртті сөндіруге 61 адам мен 22 техника жұмылдырылған.

ҚР Ішкі істер департаментіне қарасты төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша құлаған зымыран қалдықтарында улы гептил жоқ көрінеді.

Естеріңізге салайық өткен аптада Ресей, Байқоңыр ғарыш айлағынан бір жылдық үзілістен кейін Протон зымыранын сәтті ұшырғанын мәлімдеген болатын.

"The Qazaq Times"