Ұлыбритания полициясы Лондонда террорлық шабуыл жасаған лаңкестердің дайындалатын спорт клубына тінту жүргізді.

Маусымның 8 күні Ұлыбритания полициясы Лондонның Илфорд ауданында орналасқан мұсылмандардың Ummah Fitness спорт клубына тінту жүргізген. Лондон құқық қорғау органдарының мәліметінше бұл клубта ел аумағында террорлық шабыл жасаған лаңкестер дайындалған.

Ummah Fitness спорт клубында Лондонда террорлық шабуыл жасаған үш лаңкестің екеуі дайындықтан өткен. Тексеру барысында бейне бақылауға Лондонда лаңкестік шабуыл жасаған Хумар Батт, Юссеф Загба және Рашид Редван түсіп қалған.

Ummah Fitness спорт клубын 2005 жылғы Лондондағы терактіге қатысы бар ағайынды Шахиттар Әділ мен Саджил басқарған.

“The Qazaq Times”