АҚШ жақын күндері жариялаған Қытайдың әскери қуаты туралы ескертуінде айтылуынша, Қытайдың Азиядан тыс аймақтардағы әскери өктемдігі артып келеді дегенді айтады. Алайда, Қытай бұл сөзді терістеп, Қытайдың қорғаныс саясаты тек өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жүріліп отырғанын айтады. АҚШ-тың есебінше, бұл Қытайдың істеген ісіне жауапкершілік танытпауы болып саналып отыр. Бұл туралы танымал “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хуа Чуниың сәрсенбі күнгі баспасөз мәжілісінде: «Қытайдың Ұлттық қорғаныс құрлысы тек қана ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана болып табылады. Елдің егемендігі мен мемлекет тұтастығын сақтау үшін», – деді. Ол сондай-ақ «Қырғи қабақ соғысы» кезіндегі АҚШ-тың бейнесін сынға алды. АҚШ Қорғаныс департаменті бұл аталған фактыларды ескермей отыр деп сөкті.
АҚШ Қорғаныс департаменті жариялаған есепте Қытайдың Пәкстанда әскери базасын салуы мүмкін делінген. Ал Қытай СІМ хатшысы бұған: «Бұл нағыз алыпсатарлардың есебіне ұқсайды», – деп жауап берді. Ол тағы: «Қытай мен Пәкстан көрші дәстүрлі достық қарым-қатынастағы ел. Екі ел түрлі салаларда ұзақ мерзімдік ынтымақтастықты жүзеге асырды», – деп тоқтады. Бұдан ары Пәкстан мен Қытайдың әскери одақтастығы немесе АҚШ есебіндегі айтылғандар бойынша жауап берген жоқ. Содан ары Қытай мәлімдемешісі журналистер сұрағынан жауап беруден бас тартты.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау