Адамдар  өнертабыстың кереметтілігіy айтқанды жақсы көреді, алайда қандай да бір затты іс-тәжірибеде енгізіп көрдіңіз бе?

Көбіне өмірге келген  жаңалықтар, бұйым немесе технология, алдына тап болған қиындықтар әсерінен әрі қарай дамуын тоқтатады.

Бірақ соған қарамастан, көптеген қолданылып жүрген заттарымыз біреудің болжамы мен қиялынан пайда болған ғой. Мұндай адамдар қоғамды әдеттен тыс қылықтарымен баршаны таңдандырып,тіпті психикалық тұрақтылығы жайында күмән келтірсе де, өз ойына бүкіл ынтасымен берілгендер еді. Себебі мүлдем жаңа затты ойлап табу үшін, өмірге ерекше, дәстүрден тыс көзқарас иегері болу шарт.

Кез-келген брендтің тарихы қызықты. Ал жетістіктерге жеткен брендтікі – екі есе қызық. Табысқа жеткен өнімнің тарихын айтып беру мүмкін болмаса – ол бренд бола алмас. Ендеше назарларыңызға әлемдік нарықта бренд болып қалыптасқан Gillette ұстарасының тарихын ұсынамыз.

Gillette логотипінің әр жылдарда өзгеруі. Фото: brandreport.ru

Бұл бренд - еркектермен әйелдерге арналған тек қырыну ұстарасы ғана емес, оған қоса бір рет қана пайдаланылатын өнімдердің нышаны.

Өйткені Кинг Кемп Жиллет негізін құрған компанияның арқасында, адамдар қымбат емес, бір рет қана пайдаланылып тастайтын тауарларға үйрене бастады. Бүгінгі күні, бір рет пайдаланылып тасталынатын заттар біздің өмірімізге кеңінен енген. Алайда, 20-шы ғасырдың басында мұндай ұғымның өзі ойға қонымсыз еді.

 

Gilletе брендін қалыптастырған Кинг Кемп Жиллет Фото:brandreport.ru

Кинг Кемп Жиллет 1855 жылы Висконсин штатының Фон-дю-Лак қаласында дүниеге келген. Бір рет пайдаланылатын ұстараның дүниеге келуі К.К.Жиллеттің ұстарасы кезекті рет мұқалып қалған кездейсоқ оқиға себебінен туындады. Айнаның алдында тұрып ол көз алдында арзан, әрі ауыстырмалы жүздері бар, өзімен бірге кез-келген жерге алып жүруге ыңғайлы, кішірек, әрі қауіпсіз ұстараны елестетті.

Фото: brandreport.ru

Бірақ бұл ойды іске асыру барысында бірнеше қиындықтар туындады. Ауыстырмалы жүздер өте өткір әрі берік және жұқа болуы тиіс еді. Ол үшін арнайы болат және ерекше қайрау технологиясы қажет еді. Алты жылдай К.К.Жиллет түрлі өнертапқыштармен бұл жауаптың шешімін іздеді. Ақыры, ол инженер Уильям Никерсонның арқасында болат лентасын тез әрі сапалы қайрау әдісін табады. Техникалық жақтың шешілгеннен кейін К.К.Жиллет сауда жағын жандандырады.

1903 жылы небәрі 168 ұстара сатылады. Сатылып алушылар ұстараның ыңғайлылығын тез ұғынып келесі жылдың сатылым көрсеткіші 90 000 данаға жетеді. Сол жылдары кең ауқымды жарнамалау науқандары жүргізіледі.

Gillete-тің алғашқы жарнамалары, Фото: brandreport.ru

Ұстараның көбі халыққа тегін таратылып, жүздерді сату арқылы табыс тауып бірнеше жылда табысты компания болды. Сол кездегі ең ірі сұраныс 1918 жылы АҚШ үкіметінен түсті, олар Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан сарбаздарға 36 миллион жүз сатып алады. 20-ғасырдың соңында Gillette компаниясы бір рет пайдаланылатын тауарлардың мыңдаған түрін шығаратын.

Фото: brandreport.ru

Ал 2005 жылы Gillette компаниясын Procter & Gamble компаниясы 57 миллиард доллар төлеп өз құрамына қосып алды. Дегенмен бұл бренд өзінің құнын жоғалтқан жоқ. Әлемге танымал, әрі сұранысқа ие құрал болып қала береді.

Ботажан Қабылбекова

“The Qazaq Times”