Түркияның Ізмір қаласында сот ғимаратында болған жарылыстан екі адам қаза тауып, бесеуі жараланған. Бұны Рейтер агенттігіне Ізмір губернаторы хабарлаған деп жазады centralasian.org.
Оның ақпараты бойынша, автоматпен және гранатамен қаруланған шабуылдаушылар полициямен атысқан, осыдан кейін мина орнатылған көлікті жарып жіберген. Екі адам мерт болған, бесеуі зардап шеккен, олардың біразының жағдайы өте ауыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, полицейлер екі шабуылдаушыны өлтірген. Біреуі бостандықта.
Жарылыс жасағандардың кім екені әрі олардың мақсаттары не болғаны әзірге белгісіз.
Стамбулда 1 қаңтарға қараған түні Reina түнгі клубында атыс болды. Белгісіз адам ғимаратқа кіріп, автоматты қарумен жүздеген адамға қарсы оқ жаудырған. 39 адам қайтыс болып, 65-і жараланған. Бұл шабуылда "Ислам мемлекеті" террористік тобы жауапкершілігіне алды.
«The Qazaq Times» тілшісі әлеуметтік желі арқылы Ізмір тұрғыны Seçkin Taştanмен хабарласып, оқиғадан кейінгі мән-жай туралы сұраған еді. Ізмірде қазір қатты жаңбыр жауып тұр деген Seçkin табиғатпен бірге адамдардың көңілдері де жабырқаңқы, тіпті қорқынышта екенін айтады. Оның білуінше, лаңкестер қолынан өлген екі адамның біреуі полиция қызметкері енді бір жай жұмысшы. "Егер, екі лаңкес дер кезінде өлтірілмесе, әлі де көп адамның өмірін әкетер еді" дейді Taştan. Сонымен қоса, ол Түркияда қазір осындай әрекеттердің жиілеп кеткенін, жағдай Сүриядай болып бара жатқанын айтып қынжылды.
«The Qazaq Times»


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді