Ауғанстан Кабул қаласынан таратылған соңғы мәліметтерге қарағанда аса күшті жарылыстан қаза болғандар саны 80 адам деп тұрақтандырды. Ал жарақат алғандар саны 350 адамнан асып отыр. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты мәлім етті.
Шетелдік ақпарат құралдарының хабарында қаза болғандар арасында әйелдер мен балалардың да бар екенін айтады. Лаңкестік шабуыл Кабулдағы Вазир Акбар Хан ықшамауданында орналасқан АҚШ, Үндістан және Германия елшіліктері маңында туылған.
Жарылыс себебінен көптеген ғимараттардың терезелері сынып, қыруар автокөліктер зиянға ұшырады. Қазір қала ішіндегі аталған ықшам ауданға кіретін барлық жол торабы жабылды. Бұл Ауғанстан тарихындағы салдары ауыр лаңкестік шабуылдардың бірі болып саналады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр