Пәкістанның Белужистан жерінде лаңкестік шабуыл болды. Исламабадтың кеше таратқан мәліметінде кемінде 14 қауіпсіздік қызметкері оққа ұшқаны айтылған.
Пәкістан әскерилерінің таратқан мәліметіне қарағанда, Гвадардан Карачиге мұнай-газ департаментінің қызметкерлерін алып бара жатқан колонна екі қаланы жалғаған жол үстінде қарулы лаңкестердің шабуылына тап болған. Оларды қорғап бара жатқан қарулы жасақтар мен лаңкестер арасында сұрапыл атыс болған. Мәлімдемеде, қауіпсіздік күштері лаңкестерге өнімді соққы беріп, департамент қызметкерлерін қорғап қалғаны айтылады.
Пәкістан премьер-министрі Имран Хан адам шығынына алып келген лаңкестік шабуыл туралы ресми мәлімдеме жасады және жедел тергеу жүргізуді бұйырды.
Белужистан сепаратистік күштері шабуылды өз мойындарына алып мәлімдеме таратты. Автономиялық статусқа ие Белужистанда сепаратистік күштер көп жылдан бері Исламабад билігіне қарсы әрекет етіп келеді. Дегенмен жергілікті әскери шенділердің мәліметінше, соңғы жылдардағы қарулы соққылардан кейін сепаратистік топ барынша әлсіреген.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау