Ауғанстанның орталық қаласы Кабулда әскери базаға террорлық шабуыл жасалып, кемінде 11 әскер қаза тапты. Бұл шабуылды «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы өз мойнына алды. Бұл туралы BBC хабарлады.
Кабул қаласының батысындағы әскери базаға «ИМ» террорлық ұйымының мүшелері қарулы шабуылмен басып кірген. Құралды шабуылмен бірге жанкешті жарылыс та жасаған. Қауіпсіздік қызметкерлері мен террорлық топ мүшелері арасындағы қақтығыста төрт содыр оққа ұшты немесе өзін жарып жіберді, террорлық топтың бір мүшесі қолға түсті. Жарылыстар мен гранатомет шабуылдарынан 11 әскер қаза тауып, 7 адам ауыр жарақат алған.
Бұл Кабул қаласында бір аптаның ішінде туылған үшінші реткі террорлық шабуыл. Өткен сенбідегі қала орталығындағы жарылыста 100-ден аса адам қаза тапқан. Ал оның алдында қонақ үйге жасалған шабуыл кезінде 22 адамның қаза болғаны анықталған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі