Корей анықтамалық жаңалықтар сайтының бүгінгі хабарына қарағанда, Солтүстік Кореяның ресми БАҚ-ы Оңтүстік Корея бұрынғы президентінің тақтан тайдырылғанын 25 мамыр да ғана жариялаған. Әрі хабар мазмұнында Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хені «Ең негізгі сатқын» немесе «екі жүзді» деген секілді атаулармен атаған.
Сингапурдың «Бірлестік таңы» басылымы France-Presse ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып, Солтүстік Кореяның Жұмысшы партиясының негізгі газеті «Жұмысшылар газеті» басылымында Пак Кын Хе туралы хабарды алғаш рет жария еткені туралы айтылған. Оңтүстік Кореяда Пак Кын Хенің әлде қашан билігінен алынып, үстінен сот ашылып, қамауға алынған болса да, Солтүстік Корея ресми басылымдары бұл хабарды енді ғана хабарлап отыр.
Хабарда Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін қатаң айыптармен сынға алған. Солтүстік Кореяда шетелдегі оқиғаларды ел ішіне тарату қатаң цензурадан өтетіні мәлім. Дей тұрғанмен, көршілес елдің президентінің мерзімінен бұрын биліктен кетуі туралы ақпаратты таратпай отыруының себебі түсініксіз.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?