АҚШ пен Канада ғалымдары 2016 жылы Солтүстік Америка өзендерінің бірі жоғалып кеткендігін айтып отыр. Бұл туралы зерттеу нәтижелері Nature Geoscience журналында жарияланған.
Ғалымдар солтүстіктегі Беринг теңізіне қарай ағып, өзі аттас көлге құйылатын Юкондағы Слимс өзені 2016 жылдан бері жоғалып кеткенін мәлімдеді.
Бұл құбылыстың басты себебі – Канададағы ең ірі Каскавулш мұздығының құрлықтың түбіне қарай ойысуынан болып отыр. Бірнеше мыңжылдықтар бойы ағып тұрған арналар жүйесіндегі мұздықтар Слимс өзені арқылы солтүстікке емес, Каскавулш арқылы Тынық мұхитына қарай ағатын болған.
Өзендер жүйесінің бұлай өзгеріп, жойылып кетуіне жаһандық жылыну себеп болып отыр дейді ғалымдар. Слимс өзені 2015 жылы өз арнасымен ағып тұрған, ал оның кенеттен жоғалуын жер серіктерінен түсірілген суреттерден байқаған.
Өзеннің жоғалуы – жергілікті экожүйеге әсер етуі мүмкін.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап