2017 жылдың наурыз айында Италияның мемлекеттік қарызы 2,26 трлн еуроны құрады. Бұл мемлекет тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Banca d'Italia банкінің ақпаратынша, осы жылдың ақпан айымен салыстырғанда тәуелсіз қарыз өсімі 20,1 млрд еуроны құрады.
Бұған дейін қарыздың ең жоғарғы көрсеткіші өткен жылдың шілде айында 2,252 трлн еуродан асқан болатын. Алайда 2016 жылдың екінші жартысында қарыз көлемі біраз азайған. 2016 жылдың нәтижесі бойынша Италияның мемлекеттік қарызы 2%-ға өсіп, 2,217 трлн еуроға дейін жетті. Ал 2015 жылдың соңында елдің тәуелсіз қарызы 2,172 трлн еуро немесе ЖІӨ-нің 132,3%-ын құрады.
Сондай-ақ, Италияның Орталық банкінің мәліметінше, ел бюджетіне түскен салық көлемі де айтарлықтай артқан. 2017 жылдың қаңтар-наурыз айында түсім 92 млрд еуроны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға жоғары.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды