Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл толуына арналған шараларға жиналған ҚМДБ Бөлім басшылары мен өкіл имамдар Шығыс Қазақстан облыстық Драма театрында драматург Д.Рамазанның «Керей-Жәнібек» тарихи драмасын тамашалады.
Ұлт тарихының өрнекті кезеңдерін театр актерлері барынша шынайы жеткізе білген тарихи қойылымды ықыласпен көріп, Қазақ хандығының алғашқы құрылу себептеріне куә болды.
«Біздің тарихымыз-ұлы тарих. Ата-бабаларымыз ұрпақ үшін жан ямай осындай ұлы далаға Қазақ мемлекетін құрып берді. Мемлекетіміздің туын биікке көтеріп, Мәңгілік ел идеясына топтасуымыз керек. Ұлтымыздың тарихын баяндайтын осындай тарихи қойылымдар санамызға ұлт тарихын жаңғыртады» деп атап өтті, шараны ұйымдасырып отырған ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл Ермек қажы Қасболатұлы.
Қойлым соңынан ҚМДБ өкілдері осы театрдың көркемдік жетекшісі, режиссер Сахан Әкелеевпен «Керей-Жәнібек» драмасынан алған әсерлерімен бөлісіп, театр ұжымына сәттілік тіледі.


















Жазушылар Одағы жаңа төраға сайлады. Ол «жазушылар оппозиция болмасын!» деді
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
Бақытжол Кәкеш. Алтайда қалған Ақиық
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Интеллектуалды поэтикалық драма. «9 грамм»
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды