Францияда өткен Президент сайлауы нәтижесінде кандидат-центрист Эммануэль Макрон 66,06% дауыспен жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы Марин Ле Пен бар болғаны 33,94% дауысқа ие болды.
ВВС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сайлау дауысын санау нәтижесінде бос және бүлінген, сайлаушылардың таңдауы жазылмаған бюллетендер көп болған.
Осылайша 39 жастағы Макрон әлемдегі ең жас Президент атанды және мемлекеттің Ішкі істер министрлігі Макронның жеңімпаз екенін ресми түрде мәлімдеді.
Макронның штабы дауыстарды санау аяқталмай жатып жеңісті атап өтуді бастап кеткен. Кандидат Ангела Меркель, Тереза Мэй, Дональд Трамптың және Канада премьері Джастин Трюдоның құттықтауын қабыл алды.
Ал Кремль әзірге Францияның жаңа Президентіне құттықтау жолдай қойған жоқ. Себебі сайлау өтпес бұрын, 24 сәуірде Ресей Президенті Владимир Путин Макронның қарсыласы Марин Ле Пенмен кездескен болатын.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді