АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ – Оңтүстік Корея еркін сауда саттық келісімін қайта талқылауды үміт ететінін білдірді, әрі АҚШ  Оңтүстік Кореядан зымыраннан қорғану жүйесі "Сад"-тың (Thaad) есебін айыруды талап етті. Бүл Оңтүстік Кореяның АҚШ – Оңтүстік Корея екі ел арасындағы қатынасына күмән тудырды.
Трамп бейсенбі күнгі кеште "Reuters"  агенттігінде жариялаған мәлімдемесінде, Оңтүстік Кореямен "Сад" жүйесінің есебін жасау тұңғыш рет ортаға қойды. Сады жүйесі 9 мамыр күнгі Оңтүстік Корея президент сайлауындағы басты тақырып. Трамп АҚШ –Оңтүстік Корея еркін сауда қатынасын қайта талқылаймыз немесе күшінен қалдыруымыз керек деді.
Бұдан бұрын да Трамп үкіметінің Оңтүстік Кореяға деген көзқарасында өзгеріс болғанын  байқауға болады. АҚШ үкіметі бейсенбі күнгі мәлімдемесінде, Ким Жоң Ун  (Kim Jong Un)  үстемдігін аударуға ядролық бағдарламаны сылтау етпейміз, егер Оңтүстік Корея дұрыс шешімге келсе, АҚШ келіссөз өткізуді ойластыратынын айтты.
Трамптың  сол күні және: "Егер келіссөздер сәтсіздікке ұшыраса АҚШ Оңтүстік Корея арасында үлкен қақтығыс туылады",– дегені бар.
Lockheed Martin Co.,LMT құрастырған "Сад" жүйесінің бір ғана  батериясы 1 трлн Ақш доллар. АҚШ Оңтүстік Кореяға қолдау көрсетіп "Сад" жүйесін осы аптадан бастап орнатып беретін болған.
Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі жұма күні Трамптың тұтқиыл қойған шарты туралы ештеңе дегісі келмеді.  Алайда, ол "Сад" жүйесін орнатуға арнайы жер   және негіздік құрылғылар дайындағанын айтты.
Ал, Оңтүстік Корея Сауда министрлігінің бір  мансаптысы Оңтүстік Корея үкіметі Трамптың ұсынысын әлі тапсырып алмағанын айтқан болатын.
Ұзақ жылдардан бері Солтүстік Кореямен қырғиқабақ,  Оңтүстік Кореямен жаймашуақ байланыста болған АҚШ-тың жақыннан бері,  осы ежелгі байланысты керісінше дамытуға ұрынды. Сеул тарабы үшін Трамп үкіметінің көздеген мақсатын  түсінуді тіпті де қиындап кетті..

The Qazaq Times