Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызып жүрген гаджеттердің сіз білмейтін немесе көп пайдалана бермейтін құпия функцияларымен таныстырсақ.
1. Тың тыңдайтын құрылғы
Әркімнің қарапайым смартфонын кәсіби тың тыңдайтын құрылғы ретінде пайдалануға болады. Тек телефоныңызға қоңырау шалсаңыз болды, автоматты түрде жауап беру функциясына қойып кез-келген жерде не болып жатқанынан толықтай хабардар боласыз.
2. Телефонды біржола бұғаттап тастау.
Егер сіз ұялы телефоныңызды ұрлатып алып, ішіндегі ақпараттарыңызды басқа ешкімнің біліп қойғанын қаламасаңыз немесе телефоныңызды қайта қайтара алмайтыныңызды білсеңіз, оны еш пайдасыз кішігірім қорапқа айналдыра аласыз. Кез-келген ұялы телефонның өзіндік сериялық коды болады. Сол 15 таңбалы санды операторға қоңырау шалып айтсаңыз, дем арасынша телефоныңыз өшіріліп, мүлде іске жарамсыз болып қалады. Егер көпшілік осы тәсілді пайдаланса, онда телефон ұрлаудың да еш маңызы болмай қалатыны рас. Ал сериялық кодыңызды - *#06# комбинациясын теру арқылы біле аласыз.
3. Қарапайым микроскоп.
Телефонның камерасына кішкене линзаны (лазерлі ойыншықтың да линзасы жарайды) жақындатып, орналастырсаңыз - дайын микроскоп шыға келеді. Ұсақ дүниелерді өте сапалы бейнеде көре отырып, суретке түсіріп алуыңызға да болады.
4. Судың астын суретке түсіру.
Судың астында суретке түсу үшін соңғы нұсқадағы жаңа смартфондардың қажеті шамалы. Тек 2 минуттың ішінде полиэтиленнен чехол дайындап алсаңыз жеткілікті.
5. Голограмма жасай аласыз.
Голограмма жасау үшін ешқандай сыйқырдың қажеті жоқ. Тек тапқырлық пен қарапайым заттар.
“The Qazaq Times”