Қытайдың сыртқы және ішкі нарықтағы қаржысы теңселіп тұр. Әсіресе, базар нарығын бақылап-басқару органдары базардағы тербелістің үлкен қатерге апарып соғуынан алаңдауда.
Қытайда қарыз арқылы кірген қаржы мөлшері 20 ай бойы жоғары көрсеткіште болған. Бұл Қытай базарының қысым алдындағы ең жаңа бейнесі деуге болады. Дәл қазір Қытайдың үкімет тараптары толассыз мәлімдеме жариялап, несиенің артуы мен қаржы дағдарысының қаупін бар күшпен тежеуді атап көрсетуде.
Қытай қор биржасы жақынғы жылдардан бері сәтсіздікке ұшырап келеді. Яғни қарызсыз сала бастапқы айналымда 1.4% -ға құлдыраған. .
Қытай үкімет тарапы биыл өздеріне іске аспайтын ауыр міндеттер арқалатып алған сыңайлы. Олар бір жағынан, қаржы дағдарысының туындауынан сақтанып, несиенің арту қарқынын бәсеңдетуді көздесе, тағы бір жағынан базардың орнықтылығын сақтап қалу үшін ұмтылуы керек болып отыр . Қытайдың «финанс» газеті дүйсенбі күні: “ капиталдың бытырауы мен үздіксіз көтерілген баға Қытай қаржы жүйесіндегі ең үлкен қауіп болып отыр” деп жазады.
Таяудағы басты талқыланып жатқан мәселе, банктер арқылы келеді деген қыруар қаражаттың есебі теріс көрсеткіште болған. Мұның ішінде шетел қаржыларына иек сүйейтін салалар да бар .
Sinolink Securities көрсеткен мәліметтеріне қарағанда, аутсорсинг инвестициясы кенеттен 5 – 6 миллиард юань артқан (7,3-8,7 жүз миллион АҚШ $ ).
Қытай экономикасының жақынғы уақыттардан бергі өзгешелеу қозғалысы жөнінде Қытайдың өз елі ғана емес, Еуропа және Азиядағы кей елдер де өз сараптамаларын айтуда. Мысалы, Францияның «Париж қаржыгерлері» - нің Лондонда тұратын бір жетекшісі «Қытай банкіндегі қалыпсыз өсім көрсеткіші тым түсініксіз. Қытайдың бақылап басқару органдарының бұл жағдайды айқындауын үміт етемін дейді.
Әлем экономикасында көш бастап тұрған алпауыт елдердің біріне айналған Қытайдың қаржы жағындағы қалыпсыз қозғалысы алыс-жуық елдердегі экономика ғалымдарының және түрлі БАҚ беттерінің талқылайтын тақырыбына айналуы тегіннен-тегін емес.
"The Qazaq Times"