Асад билігінің әскери ұшақтары өз территориясының солтүстігіндегі Идлиб және Хомусқа қарасты аудандарына әуеден шабуыл жасады. Шабуылдан 13 адам қаза тапты. Олардың жетеуі – бала. Бұл туралы "Анатолы" агенттігінің ресми сайтында жарияланды.
Идлибтегі азаматтық қорғаныс өкілдерінің бірі Мұстафа Рашид Асад әкімшілігіне тиеселі шабуылдаушы ұшақтың кеше түнде оппозицияның бақылауындағы Харим ауданының Бсанкул ауылына да шабуыл жасалғанын айтты.
Салдарынан бес бала мен үш әйелдің қаза тауып, 7 адамның жарақат алып ауруханаға түскенін сонымен қатар көптеген үйдің де қирағанын мәлімдеді.
Сонымен қатар Башар Асад әкімшілігіне тиісті екені білдірілген ұшақ кеше түнде елдің орта аймақтарындағы Хомус қаласының Телбисе ауданын бомбалаған. Бұл өкірден 4 адам қаза болып көптеген бейбіт тұрғындар жараланған.
Кеше ғана Би-Би-Си ақпараттық агенттігі Ердоғанның "Асад жүз мыңдаған адамды өлтірді. Менің өлкемде 3 милион босқын пайда болды. Ливанда жарты милион, Иорданияда миллион босқын жүр.Бұл адамдар неге өз мекендерін тастап босқын болып жүр? Бір ғана Асадтың кесірінен..." деген пкірін жариялаған еді.
"The Qazaq Times"


















Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні