Кеше, Сәрсенбіде АҚШ Қорғаныс департаментінің Азия істері бойынша ең жоғары қолбасшысы Конгрес алдында сөйлеген сөзінде, Корей түбегіндегі қарсылықтың ушығу жағдайын дипломатия арқылы шешуге ұмтылу керек екенін баса айтты. Ол тағыда: «Егер бейбіт келісімдер жүзеге аспаса соғыс туылатыны анық. Бірақ, бұл соғыс туылмасын, туылса, зардабы өте ауыр болады!», – деп ескертті.
“The Wall Street Journal” басылымының хабарына қарағанда, АҚШ Тынық мұхит бас штабының қолбасшысы, адмирал Харрис: «АҚШ жақ Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Уннің (Ким Чен Ын/ Kim Jong Un) ашық қарсылық соғысқа көшуін қаламайды. Америкада басым өт күші қуаты болғанымен, соғыс зардабының ауыр болатыны анық. Тіпті, соғысқа басқа әлемдік державаларда тартылуы мүмкін», – деген пікірін білдірді.
Осылайша, АҚШ-тың Тынық мұхит майданындағы ең жоғары басшылары Конгрес алдында ескерту жасады. Осыдан бірнеше сағат өткеннен кейін, АҚШ президенті Дональд Трамп бүкіл сенаторларды қамтыған құпия кеңесті басқарып ашты. Қорғаныс және АҚШ Мемлекеттік департаменті, ең жоғары әскери басшылар мен барлау агенттері қатысты.
Бұл құпия кеңестен шыға салысымен Харрис те өз қолбасшылық штабында тағы бір құпия жиналыс өткізген. Оның жиналысына қатысқандар АҚШ армиясының лауазымдылары мен негізгі штаб қолбасшылары болды.
Бұл АҚШ-тың Корей түбегі шиеленісіне қарата пәрменді әрекетке көшкенін аңғартады. Кемінде, соғысты қарсы жақ бастаған күннің өзінде қорғаныс шараларына дайындығының басталғаны.
The Qazaq Times