Ақ үйдің болат импортына жаңа шектеу ережелерін қоятыны белгілі болды. Алайда, әлемдегі ең ірі болат экспорттаушы ел саналатын Қытай жағы бұл жаңалыққа «қыңқ» деген жоқ. Тіпті қытайлық жоғары лауазымдылары мен сарапшылары бұл «ойында» жеңілетін ел АҚШ-тың өзі болады деді.
Олардың айтысына қарағанда, АҚШ-тың болат өнер кәсібінің шығыны аса жоғары. Себебі, АҚШ-тың жоғары тарифтері елдің ішкі өндірісінде қалыптасып отырған бәсекеге қабілеттіліктің құлдырау үрдісіне тосқауыл қоя алмай отыр. Ал осыған керісінше Қытай бастаған елдерде экспорттық жоғары артуы туындап отыр.
Қытайдың үкіметтік қолдауындағы Қытай Болат-темір бірлестігінің вице-президенті Чи Жиңдоң (Qi Jingdong) бұл туралы: «Бір-екі миллион тоннаны құрайтын Қытай болат-темір экспорты, қалай жылдық импорты 100 млн тоннадан асатын елдің болат өнеркәсібіне соншалық үлкен әсер ете алады?», – деген сұрағымен өз пікірін білдірді. Солай болған күннің өзінде АҚШ президенті Трамптың болат импортына шектеу жасауының да өзіндік себебі бар. Естеріңізде болса, өткен бейсенбі күні Трамп сирек қолданылатын бұл ереженің ұлттық қауіпсіздік тұрғыда кері әсерінің бар жоғын анықтауға тапсырма берген болатын. Өйтетіні АҚШ болат өнеркәсібі тұралап қалса, Американың бетке тұтар айбыны болып отырған әлемдегі ең қуатты армияның күшіне де кері әсерін тигізеді.
Көне заңға жасалатын сараптаудың көлемі анық емес. Ал, өзгелердің көзқарасы бойынша болат импортына кең ауқымды тежеу жасалса, бұл АҚШ өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей зиян. Бұл мұнай құбырларын жаңарту мен автокөлік жабдықтарын өндіру тағы басқа өндірістің барлық түрлеріне қиыншылық алып келеді деп қарайды.
Қытай жағы Трамп шешімінен бір күн кейін хабарлама жариялап: «Мұндай шектеу қою Америка үшін тым ерте. Біз АҚШ үкіметінің қандай қортындыға келетінін осы аптаның соңында көретін боламыз», – деген болатын.
The Qazaq Times