АҚШ-тың болат пен алюминий импортына салған қосымша кеден салығынан кейін, Қытай бұған қарсы өз жауабын жолдап, АҚШ-тан импорт етілетін 128 өнімге салықты көбейтті. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Бұл мәлімдемені Қытайдың Қаржы министрлігі таратты. Мәліметте АҚШ-тың болат импортына 25 пайыз, алюминий импортына 10 пайыз қосымша кеден салығын салуын әлемдік сауда жүйесін бүлдіру деп айыптаған.
Қытай тарабы 23 наурыз күні АҚШ тауарларына қосымша салық салу арқылы жауап қайтаратынын мәлімдеген. Онда 120 өнімді көрсетілген және оның басым көбі азық-түлік пен ауылшаруашылық өнімдері болған. оларға 15 пайыз салық салатынын жеткізген.
Соңғы мәлімдеме бойынша қосымша салық тізімі 128 түрлі өнімге салынатын болды. Соңғы 8 өнімге 25 пайыз мөлшерде салықты көбейтпек. АҚШ-тан Қытай базарына кіретін бұл өнімдердің жалпы құны 3 млрд АҚШ долларын құрайды.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес