Тараздық Бақытжан Шыңғысбектің 2003 жылғы өрімдей жас баласы Қуатбаев Нұрсұлтан Бақытжанұлы  қаңтар қырғынында кісі қолынан атылып қыршын кеткен. "Баламды атқандарды тауып беріңдер" деген әкесіне Тараз ДВД-сынан Қалымбетов Науатбек Серпенович деген экстремизм терроризм бөлімінің бастығы "өзіңді отырғызып қоямын" деп қоқан-лоқы жасаған.

Әділдік іздеп жан ұшырған Тараздық 3 ата-анамен тілдестік. Арысы Астанадан тартып құзырлы органдардың қаншасына барсада істе өзгеріс жоқ. өлген балаларымыздың үстінен түрлі қылмыстық жауапкершілікті іліп жатыр дейді, қайтыс болғандардың жақындары.

Шыңғысбековтың айтуынша 6 қаңтарда нағашы апасының үйіне баруға шыққан Нұрсұлтанды әкесі 9 қаңтарда Тараз қалалық мәйітханадан тапқан. Нұрсұлтанның жамбасынан екі оқ тиген. Артынша жүрегінен қадап атқан. Таразда әділдік жоқ деген Бақытжанның айтуынша мәйтханада мүрдеден аяқ басар жер жоқ.  Ол екі қыздың және басқа өрімдей жас балалардың мүрдесін көрген. Барлығы шекесінен, жүрегінен, қарындарынан атылған.

Баласын атқандарды тауып жазалап беріңдер деп жүргенде тергеушілер  түрмеде жатқан бір баланың арқасынан ыстық су құйып баласының үстінен жалған куәлік бергізген.

Естеріңізге сала кетсек "Қанды қаңтар" қырғынында пезидент Тоқаевтың ескертусіз оқ ату бұйырығымен ресми дерек бойынша 230 адам оққа ұшса, 8 адам абақтыда полицейлердің азаптауынан қайтыс болған.