Бүгін Армения парламентінде премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжанмен қақтығыста 49 адамның қаза тапқанын хабарлады.
Пашинян «Армения Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, қазір бізде 49 адам қайтыс болды, бірақ бұл соңғы көрсеткіш емес» дегенді айтты.
Ол Әзірбайжанның 2020 жылдың қарашасында қол жеткізілген келісімдерге келіспейтіндерін айтты.
Пашинян Армения үкіметінің Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына ресми өтініш жасау туралы шешім қабылдап, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкенмен Әзербайжан-Армения шекарасындағы қақтығыстарға байланысты телефон арқылы сөйлескен.
Армения премьер-министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Пашинян кездесуде Блинкенге шекарадағы жағдайға байланысты алаңдаушылығын жеткізді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкен де жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол берілмейтінін айтты.
Блинкен АҚШ-тың жағдайды тұрақтандыруға күш салуға дайын екенін білдірді.
Армения үкіметінен жасалған мәлімдемеде Пашинянның Еуропа Одағы кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель және Иран президенті Ибрахим Реисимен телефон арқылы сөйлесіп, Әзербайжан-Армения шекарасындағы соңғы қақтығыстарды талқылағаны хабарланды.
Сондай-ақ, Никол Пашинян Ресей президенті Владимир Путин және Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения армиясының шекараның Дашкесен, Келбажар және Лачын бағыттарында кең көлемде арандатушылық жасағанын хабарлаған болатын.
Әзербайжан-Армения шекарасында екі елдің әскери жасақтары арасында кескілескен қақтығыс болып екі жақтан да адам шығыны болған.