Балаларымызды мектепке қажетті заттарымен қамтамасыз ететін отандық өнімдерді қашан дайындаймыз?
Жаңа оқу жылы басталуға таяу. балалардың мектепке керекті оқу құралдары мен киімдеріне қанша қаржы керек деп ойлайсыз? биылғы нарық бағасы бойынша бір баланы басынан бақайшығына дейін киіндіруге, оқуға қажетті керек жарағына жететін ақшаны есептеп көріп едік, әрине барлығын өзге елден келетін заттардан алады екенбіз. Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркімен, Түркия. Шамаңыз келсе басқа мүхит асып келетін заттарды да айта беруге болады, басым бөлігі осылар. Өз елімізден балалар тұтынатын не шығады? Бұл жағы қынжылтты. Сонымен, ұлдарға арналған костюм шалбар 15000тг ден бастап, сапасы мен өлшеміне байланысты өсе береді. Қыздардың костюм белдемшесі де осындай бағада. Ақ жейделер ең арзаны 3000тг ден басталады. Спорттық киімдер 10000тг ден жоғары, спорттық аяқ киімнің ең төмені 5000тг, туфлилар жеті- сегіз мыңнан кем емес. бұларға галстук, бантик, спорттық жейделердің бағасын қоса беріңіз, өзгесін айтпағанда, тек киіміне ғана 50000тг жұмсайсыз.
Оқу құралдарына; сөмке 7000тг, дәптерлер(жай дәптер, сурет салуға арналған дәптер, қалың дәптерлер,)10000тг, қаламдар, түрлі-түсті бояқтар, қарындаштар, сызғыш, ұштағыш, өшіргіш, тб керек-жарағына кемі 20000тг жұмсайсыз. Сонда бір балаға ең төменгі бағада 90000тг керек. Бір үйден неше бала мектепке барады, санай беріңіз. Айлық табысы азық-түліктен артылмайтын еліміздің қарапайым тұрғындары үшін бұл әжептәуір сома. Импортқа тәуелді елдің нарық бағасын доллар билеп тұр.Осындай елдің балалар заттарына жеңілдік болмайтыны белгілі. Өз шикізатымызды өңдеп, керекке жаратуға жоғары жақ құлықсыз. Қолынан іс келетін ұрпақ өсіруге күнін әрең көріп жүрген ата-аналардың шамасы келер ме екен? Көп балалы отбасылардың көбі ауыл тұрғындары. Не өндірісі, не жұмысы жоқ елге баланы мектепке жіберу де оңайға соқпайды. балалардың қарны тоқ, көйлегі көк болмаса да сапалы білім алар деп үміттенеміз.
Н. Байтұрсын