Ресей Украина жеріне қарулы күшпен басып кіргеніне екі айға жуықтады. Соғыс басталғаннан бері Ресей күштері Украина оңтүстік-шығысындағы порт қала –Мариупольді толассыз атқылап жатыр.  Қазір міне қала Ресейдің бақылауына өтуге айналғаны да байқалады. Украина қарулы күштері қалада қарсылықты табанды жалғастырып жатқанын ұдайы мәлімдеп келсе де, соңғы кездері қаланы Ресей толықтай бақылауына алуға айналғанын мойындай бастады. Ресей не үшін Мариупольді алуға бар күшін салып жатыр? Орыс-украин соғысында Мариупольдың қандай маңызы бар?

Мариуполь шайқасы туралы BBC жаңалықтарында қаладағы Украина әскери қосындарының оқ-дәрісі түгеуге жақын қалғаны және екіге бөлініп қоршауда қалғаны туралы айтылып жатыр. Осы тұста Украинадағы Ресей қолдауындағы бөлшектеуші күштері жағынан «Мариуполь бағынудың алдында тұр» деген мәлімдемелер жасалып жатыр.

Мариуполь – Азаулы теңізіне (Азов) шығатын порт қала және Донбасс аймағын бақылаудағы аса жоғары стратегиялық маңызға ие. Мариупольді иелеу Ресей үшін қаншалықты үлкен жеңіс болса, одан айырылу Украина үшін соншалықты үлкен жоғалту есепті. Айталық, Ресей Мариупольге ие болса Донбасс аймағында стратегиялық басымдықтың бір тұтқасына ие болады; ауқымды әскери орналастыруларды Марипуполь арқылы жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады, былайша айтқанда порт қала арқылы Украина жеріне бұдан да көп әскерін кіргізе алады. Бұған қоса Мариуольді бақылауға ала алса Ресей Донбасс аймағын бақылауда үстімдікке шыға бастайды. Киевің өзі Мариупольді қолдан шығарып алудың қаншалықты ауыр зардап әкелетін ашық мойындап отыр. Осы және өзге де себептермен Ресей аталған шаһарды алуға күшін аяп жатқан жоқ.

Маруполь жоғары стратегиялық маңызға ие қала. Фото: Maps.Google.com

Ең қиыны айдан астам уақыт қоршауда және Ресейдің тынымсыз атқылауындағы қала мен қаланың бейбіт тұрғындары ауыр зардап шекті. Бір Мариупольдің өзінде қазақ болған бейбіт тұрғындар жалпы соғыстағы қаза болған бейбіт тұрғындар санының басым көбін иелейді.

Мариупольді қорғаған теңіз жаяу әскерлерінің 36-шы бригадасы секілді украиналық әскери қосындар аянбай айқасты, табанды шайқасты. Бірақ, тынымсыз жауған оқ пен толассыз соққыдан ақыры қоршауға түсті. Сейсенбіде, бір бөлім украиндық сарбаздар қоршауды бұзып шығуға қам қылған, алайда 100 шамасындағы бұл сарбаздардың жартысынан көбі орыс артиллериясынан, әуе соққысынан шейт кетіп, 40-қа жуық сарбаз жау қолына түсіп қалған.  Қазір Мариупольде қоршауда қалған сарбаздарында азық-түлік, су және қару-жарақ пен оқ-дірі тапшы екенін Украина қарулы күштері де растады.

Осылайша Украина үшін Мариуполь картинасы аур күйде. Ресей Мариупольді толық басып алса, қазірге дейін қаланы алуға ұйымдастырылған күштер Донбасс аймағы үшін шайқасқа қайтадан жұмылдырылады да, аймақтағы қос тараптың күш салыстырмасына да әсер тепек. Дегенмен, Мариупольді ұстап тұру үшін де Ресей мол әскери қосынды қалдыруы мүмкін деген кісі сендірерлік болжамдар бар.

Бұларға қоса Ресей қазір Херсонға да қосымша күш жіберуге мүдделі, үйтетіні Украина күштері ондағы позицияларын қайтарып алу үшін әрекетін жандандырды, әрі оңды нәтижелерге қол жеткізіп жатыр. Ал, Киев болса Мариупольді қалайда сақтаудың шараларын көретін білдірді. Президент Зеленский тіпті «Мариуполь – соғыстың жүрегі» деп атап, оны қолда ұстап қалудың маңызды екенін бірнеше рет қайталады.

The Qazaq Times