«Ресей Украинаға тағы бір ауқымды шабуыл жасау үшін дайындалып жатыр». Бұндай мәлімдемені НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг жасады.
«Бейбіт тұрғындарды нысанаға алу – соғыс қылмысы. Украинаның Буча қаласындағы көріністер Еуропа неше ондаған жылдар бойы көрмеген қатігез көріністер», – деді Столтенберг Брюссельде жасаған мәлімдемесінде. НАТО-ның СІМ басшыларының жиналысы қарсаңында жасаған бұл мәлімдемесінде ол Бучадағы жағдай бойынша Мәскеуді айыптады, бұған қоса, Ресейдің жаңа ауқымды шабуылға дайындалып жатқаны туралы мәлімдеді.
НАТО бас хатшысының мәліметінше, Ресей күштері әскерлерін қайта топтастырып, қаруларын толықтап дайындалу үшін Киев маңынан шегінді. Жаңа шабуылдың бағыты Донбасс болатынын айтқан Столтенберг кезекті шабуыл да Ресей Донбасты толық басып алуға күш салады деп болжайды.
Мәліметте айтылуынша, Украинаның шығысында алдағы апталарда соғыстың жаңа картинасы ашылуы мүмкін. НАТО бас хатшысы Путинге қарсы қысымды тұрақты жалғастыруға шақырды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау