Ресей күштері Украинаға басып күрген сегізінші күні елден бас сауғалап шыққандар саны 1 миллионға жетті. Бұл туралы БҰҰ мәліметі растады.
Екі күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді Харьковке шабуыл кезінде соғыс қылмысына барды деп айыптаған болатын. Халықаралық қылмыстық сот Ресейдің Украинаға шабуылына қатысты соғыс қылмысын тергеуді бастап кетті.
Украина жерінің солтүстік, солтүстік-шығыс және оңтүстік аймақтарында атыс жеті күн бойы жалғасып жатыр. Соңғы күндері Ресей күштері елдің орталық қаласына жақын маңдағы шабуылдарын күшейтіп жатыр. Бүгін ел оңтүстігіндегі Мариуполда сұрапыл қақтығыс бірнеше сағатқа жалғасты. Жүздеген адам қаза тапқан болуы мүмкін деген мәліметті қала әкімінің орынбасары жеткізген.
Ресейдің Украинаға шабуыл жасауы БҰҰ Бас Ассамблеясы жағынан басым дауыспен айыпталды. Халықаралық қауымдастық шешіміне сай, Ресей Украина жерінен әскерлерін тез әрі толығымен шығарып кетуі тиіс. Алайда, Ресей БҰҰ шешімін орындайтын сыңай танытпады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті