Кеше, 13 қаңатарда өткен Еуропа Ынтымақтастық Қауіпсіздік Ұйымы мен Ресей ортасындағы Украина шығысындағы қауіпті сейтілту бойынша сөйлесулер ешқандай нәтиже бермеді. Бұл туралы келіссөзге қатысқан екі елдің өкілдері де мойындады. АҚШ делегациясын басқарған Вэнди Шерман «Ресейдің кейбір талаптары біз үшін жарамсыз» деген пікірін айтты. Мәскеу тарабы НАТО шығысқа кеңеймеуі және ешбір посткеңестік елді мүшелікке алмауы керек, әрі бұны заңдық тұрғыда бекіту тиіс деген талап қойып отыр.

Ресей мен ЕЫҚҰ арасындағы келіссөз осы аптада өткен Ресей-Батыс арасындағы ауқымды геосаяси дағдарыстан шығу бойынша жасалған үшінші дипломатиялық талпыныс еді. Ресей өкілдері де АҚШ-Ресей, НАТО-Ресей және Ресей-ЕЫҚҰ арасындағы келіссөздерде пәлендей маңызды келісімге қол жеткізге алмағанын айтты, әрі бұдан да терең талқылауларды күтетінін жеткізген.

Мәскеудің келіссөздегі өкілі Лукашевич пен өзге де дегелагция мүшелері мәлімдемелерінде Ресейдің дипломатиядан бас тартпайтынын көрсеткендей болды.

Дегенмен, қазір Еуропадағы соғыс қаупі соңғы 30 жылдағы ең жоғары деңгейде тұр. Бұл туралы ЕЫҚҰ-ның кезекті төрағасы және Польшаның СІМ басшысы Рау мәлімдеген.

Келіссөзден кейін тараптардың мәлімдемесіне қарағанда, ешбір тарап келесі жаққа жол бермегенін, келіссөз алдындағы ұстанымдарынан әлі танбай тұрғанын көрдік. Айталық, НАТО өкілдері «ұйымға мүше болуды әркім өзі шешеді» деген сөздерін қайталаса, Ресей болса «әскерімізді өз территориямызда қайда орналастырамыз өзіміз білемізге» салып тұр.

Қазір тараптар тіптіде терең талқылаудың қажет екенін растап отыр. Түбегейлі нәтижесіз болса шиеленіс соңы соғысқа ұласуы да ғажап емес. Онда АҚШ айтқандай күйреткіш санкциялар іске қосылса бұның салдары Қазақстанға да тимей қалмайды.

The Qazaq Times