Бүгін таңнан бері Жаңаөзенде газ бағанысының қымбаттауына байланысты жүздеген адам әкімдік алдына наразылыққа шықты. Наразы топ қалай орталығындағы жолды жауып газ бағасының төмендеуін талап етті. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

Биліктен газ бағасының арзандатуды талап еткен жұр талаптары орындалмаса тарқамайтынын облыс билігі мәселені шеше алмаса энергетика министрлігінен адам келуін талап етті. Газ бағасының төмендеін талап еткендердің ішінде көлік жүргізушілер мен бірге көлігі жоқ адамдарда бар. Жаңаөзеннен Азаттыққа хабарласқан Серік Бақтыбайұлының айтуынша 31 желтоқсанда 100 теңгеге сатылған газ бағасы 1 қаңтарда 120 теңгеге көтеріліп кеткен.

Өз өлкелерінен шығып жатқан газдың өздеріне жетпегеніне наразы қала тұрғынының бірі: «Газ өзімізден шығады. Ол жерде көбіміздің ағайын-туысымыз жұмыс істейді. Солар өндіріп отырған газдың бізге жетпеуі ақылға сыймайды. Алдымен өзімізді қамтамасыз етпей газды басқа жаққа, Ресейге шығармасын. Газ бағасы елдің жалақысына сай болсын. Бағасын 50 теңгеден асырмасын. – дейді.

Наразы топқа келген Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалым Байжанов қала әкімі Мақсат Ибағаров қазір кезекті еңбек демалысында екенін айтып. Талаптарын қағазға түсіріп берулерін, оны жоғары жаққа жеткізетініне уағда етті. Алайда, жиналғандар бұған дейін де ондай қағазды жылдар бойы жазып, жолдап келе жатқанын, одан еш өнім болмағанын енді талаптары орындалмайынша тарамайтнын айтты.

Азаттықтың хабарлауынша 2 қаңтар таңертең басталған Жаңаөзендегі халық наразылығы әлі жалғасып жатыр. Түстен кейін Маңғыстау өңірінің өзге аудандарында да жұртшылық оларға қолдау білдірген. Қарақия ауданындағы Жетібай кенті мен Құрық ауылында, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында тұрғындар жиналып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен аудан әкімдеріне видеоүндеу жолдады. Онда тұрғындарға сатылатын сұйытылған газ бағасын 50-60 теңгеден асырмауды талап етуде.

Соңғы хабарларда Жаңаөзенде интернет жылдамдығы баяулап, тіпті бұғатталғаны айтылып жатыр.