Бір күн бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың жаңа штамы «Омикронның» таралуына қатысты жаңа мәлімдеме жасап, көптеген елдерде вирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішге жетуі мүмкін екенін айтты.
Еуропа жаңа жылға қарсы шектеу шараларын күшейтіп жатыр. Қытай өзінің осыған дейін қолданып келген қатаң карантиндік шарттарын қайта енгізді. Кейбір қалалары толықтай карантинге жабылды. Солтүстік және Латын Америкасындағы үкіметтер азаматтарына дабыл қағып, «омикронның» таралуынан сақ болуды ескертіп жатыр.
ДДСҰ мәлімдемесінде айтылғандай, қазірге дейінгі әлем елдеріндегі пандемияға қарсы күрес тәжірибелері біршама жалпыласып қалғандықтан, «омикрон» штамының қаупі төмен болуы мүмкін. Алайда, көптеген елдің денсаулық сақтау жүйесіне ауыр салмақ түсіреді деп ескертті. Жылдам таралатын бұл вирус қазірге дейін әлемнің жүзге жуық елінен табылды.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды