Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың «Ресей мен Қазақстан: шекарасыз ынтымақтастық» атты мақаласы оның стратегиялық одақтасы – Қазақстанға қатысты державалық дипломатияның ерекше үлгісін көрсетті. Ресей Сыртқы істер министрлігі басшысының бұл пікірі басқа жағдайда кітапханаға  статистика үшін ғана керек болуы мүмкін еді. Бірақ қазір оның мынадай мәлімдемесінен соң жағдай ушығып кетуі әбден мүмкін.   Мақала бір сарынды жазылған. Яғни бір бағытты ғана қамтиды.

Біріншіден, Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланыстың орнаған күніне және оның мерейтойына арналған мақала дипломатия логикасы бойынша екі ел ынтымақтастығының жетістіктерінен ғана тұруы керек еді. Алайда мақаланың мазмұны  " Соңғы уақытта біз Қазақстанның орыс тілді азаматтарына қатысты ксенофобияның бірқатар резонанстық көріністерінің куәсі болдық. Бұл көбінесе жергілікті халықтың ұлтшылдықты дамытуға және Ресеймен ынтымақтастықтың беделін түсіруге бағытталған арнайы ақпараттық әдістерді сырттан қолданудың нәтижесі болып табылады"дегенді меңзейді.  Ал, Қазақстан жағы болса мұны қалай түсінерін білмей абдырап қалды.

Екіншіден, қазір  жағдай анық емес. Нақтырақ айтсақ, мақаланың мазмұны мен С.Лавровтың пікіріне ұлттық БАҚ, ірі электронды басылымдар, қазақстандық сарапшылардың үн қатпауын  түсіну қиын. Бәлкім, басқа елде жергілікті басшылар, оппозициялық партиялар мен БАҚ өкілдері  ұлтты ұйыстыру мен патриотизмге қатысты пікірталас жасап өз рейтингін көтеру үшін осы сәтті тиімді пайдаланып қалуға ұмтылар еді.  Сөйтіп осы ақпараттың төңірегінде біраз ұпай жинап алған болар еді.  Ал, бізде өйтпеді. Тек бірлі-жарым  әлеуметтік желі мен  электронды БАҚ ғана сарапшылардың ойын біліп жағдайды бағамдап көруге тырысты. Дегенмен,  Ресей министрінің Қазақстанның бүгіні мен екі ел арасындағы байланыстың тарихына қатысты айтқанына толымды жауап қайтарылған жоқ.

Әлбетте, мақаланың нақты мақсаты мен міндеттері бар. Бірақ оның мазмұнынан  Ресей басшылығының Қазақстан мемлекетіне, оны болашағына, мемлекеттік  рөлі, қазақ тілі мен халықаралық қатынаста серіктес таңдау стратегиясы жөніндегі  тақырыптарға жалпы көзқарасы  анық білінеді.  Яғни,  Ресей Сыртқы істері министрінің мақаласында  қандайда бір жасырын астар бар екені анық. Қазақстандағы кейбір блогерлер мен сарапшылар мақаланың жариялануын Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің VIII саммитімен байланыстырды. Министр Сергей Лавровтың пікірі ақпараттық сипатта болуы мүмкін. Яғни, Қазақстанның Түркі мемлекеттерінің ұйымы деп өзгертілген ұйымға белсенді араласуына  және оған қолдау көрсетуіне жанама ескерту болуы ғажап емес. Ресейлік БАҚ, ресейлік депутаттар мен радикалды саясаткерлердің Қазақстан тақырыбына қатысты  «ақпараттық шуы» болмаса, мұны қолдауға да болар ма еді? Бірақ Ресей тарапынан қандай да бір жолмен Қазақстанның аумақтық тұтастығына, егемендігіне, тәуелсіздігіне қатысты айыптаулар, ашық күдіктер есту үйреншікті жағдайға айналды.

Бірте-бірте Қазақстанның тарихи шындығын бұрмалап жазатын басылымдарға  көз жұмып қарайтын болдық.Оны мақала авторлары да жақсы біледі. Қазақстанның әрдайым үнсіз қалатындығын, қақтығысқа бармайтынын анық білетін   Сергей Лавров өзінің дегеніне жетті, деп мойындамасқа амал жоқ.

Бұған дейін «Қазақстан деген ел мүлдем болған жоқ.  Ал, Солтүстік Қазақстанда ешкім  қоныстанбаған. Шын мәнінде, Қазақстан территориясы Ресей мен Кеңес Одағының үлкен сыйы» немесе сол «Орыс әлемі» Ресей кеңістігі өз шекарасын қалпына келтіріп, тәртіп орнатады » деген сияқты  пікірлердің болғаны белгілі. Өкінішке қарай, бұл Қазақстанға қатысты елді таңғалдыратын алғашқы жасалған мәлімдеме емес.  Сондықтан Қазақстанға ақпараттық қысым жасаудың үйреншікті кезеңі өтіп жатқанын түсіну қиын емес. Дегенмен, Ресейдің жоғары басшыларының бірінің мақаласы республика астанасы Нұр-Сұлтанға қатысты саяси, ақпараттық науқанның  тағы бір жаңа, жоғары деңгейінге шыққанын  көрсетеді. Болашақта Қазақстан тарапынан осындай «бейбіт» көзқарас сақталатынын ескере отырып, олар келесі кезеңге аяқ баспақ. Онда олар Қазақстанның ішкі саяатына араласуды көздейді. Тіпті кеңес беруге де қарсы емес. Осыған байланысты министр С.Лавровтың мақаласы жалпы "мейнстримнің" және Ресей билігінің ішкі саясатқа, жалпы Қазақстанның Тәуелсіздік деңгейіне қатысты жалпы пікірінің бір бөлігі болып табылады.Ол ойын  Ресей билігінің осылай білдіріп отыр.

Министр С.Лавровтың аталған мақаласында ЕАЭО сияқты өзара сауда, халықаралық саясаттағы қолдау түріндегі түрлі екіжақты жетістіктер атап өтілді. Ұйымды құратын кезде мемлекет басшылары Еуразиялық Экономикалық Одақтың тең құқылы мүшелері мен қатысушылары болатын ортақ жоба болып табылатынын мақұлғаны белгілі. Алайда, мұндай мақалалар мен мәлімдемелер ортақ үйде бір ғана  қожайын  бар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ал, басқалары оны көрсе де көрмегендей, білсе де білмегендей болы көрінуі керек.

Қорыта айтсақ, елдер арасындағы дипломатияда ең бастысы фактілер мен дәлелдемелерді есепке алуды талап ететін объективтілік екенін атап өткім келеді. Алайда, саясаткерлердің, Ресей шенеуніктерінің мұндай мәлімдемелері үйдегі жанжалдар, блогерлердің айла-амалдары, мас адамдардың мінез-құлқы айыптауларға дәлел бола алатындығын көрсетеді. Ұлы держава министрі республикадағы этносаралық қатынастарды бағалай отырып, Ресейдегі миллионыншы қазақ халқының қазақ тілінде оқытатын Мемлекеттік мектебі жоқ екенін, немесе қазақстандық тауарлар Ресеймен шекарада түрлі кедергілерге кезігіп отырғанын немесе Қазақстанның іздестіріліп жатқан қылмыскерлерінің Ресейден пана тауып жатқанын көрсетуі керек еді.

Қорыта айтсақ,  ең бастысы елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынаста  шынайы көзқарас болуы қажет екенін  атап өткім келеді. Дегенмен оның сақталмай отырғандығы өкінішті. Блогерлер тұрмыстық  жанжалдар мен маскүнемдердің іс-әрекетін  үлкен дауға айналдыра қалса, Ресей шенеуніктері мен саясаткерлері оның себеп-салдарын іздеп жатпай-ақ, осындай мәлімдемелер жасап, бізге айып таққандай болып жатыр.   Мәселен, сырты істері министрі  этносаралық қатынастарды ашына айтқанымен, Ресейде млнан аса қазақ тұрып жатқандығын, бірақ оларды ана тілінде оқытатын бірде-бір мектеп жоқ екендігін жасырып қалды.  Сонымен қатар, Қазақстан  тауарларының Ресеймен шекарада түрлі кедергілерге кезігіп, тұрып қалатындығы  туралы жұмған аузын ашпады. Қазақстан тарапынан іздестіріліп жатқан қылмыскерлердің Ресейден пана тауып жатқаны туралы да сөз қозғалмады.

Шарип Ишмухамедов,

А+ Analytics сараптама орталығы.