Қытаймен дипломатиялық байланыс орнатқанына наразылар Чайнатауынды өртеп, Парламент ғимаратын басып алды. Оқиға Соломон аралдарының орталығы Хониара қаласында болып жатыр. Жаппай тәртіпсіздікке ұласқан наразылық шарасын тоқтатуға шарасыз қалған үкімет Аустралиядан көмек сұрады. Бұл туралы Associated Press, AFP және Reuters ақпараттық агенттіктері хабарлауда.

Тынық мұхитындағы аралды елдің билігі 2019 жылы Тайуанмен (Тайвань) дипломатиялық байланысты үзіп, Бейжіңді ресми таныған болатын. Бұл шешім ел азаматтарының, әсіресе халық саны ең тығыз Малайта провинциясы тұрғындарының наразылығына ұшырап келген.

Басым көбі Малайта тұрғындарынан құралған жүзден аса наразы азаматтар Чайнатаунда өрт қойған. Осыдан кейін оларған жүздеген наразылар қосылып, домнстранттар саны мыңнан асып кеткен. Қытай азаматтарының дүкендеріне нысанаға алған топ, Қытай елшілігіне де бармақ болған. Соңында Парламент ғимаратына басып кіріп, премьер-министрі Согаваренің отставкаға кетуін талап еткен.

Осыдан кейін Согаварен Аустралиядан қауіпсіздік күштерін жөнелтуді өтінген. Кеше, 25 қарашада Аустралия премьер-министрі Моррисон жүзден астам полиция мен қарулы күштерін Хониара қаласына жіберуге шешім қабылдады.

Хониарадағы наразылар қытайлық азаматтарға тиесілі дүкендерді басты нысанаға алғандықтан,  Бейжің тарабы Соломон аралдары үкіметіне алаңдаушылығын білдіріп, қытайлық азаматтарды қорғауға алуды сұраған.

The Qazaq Times