Қытай мен Ресейдің Қорғаныс министрліктері бір уақытта мәлімдеме жасап, Ресей және Қытай әскери теңіз күштері Тынық мұхиттың батысындағы Жапонияға жақын айдында алғаш рет бірлескен барлау әрекетін жүргізгенін мәлімдеді.
Тараптардың ресми мәліметтерінде көрсетілгендей, екі ел арасындағы алғаш рет өткізілген круизді жүзеге асыру үшін 10 әскери кеме мен тасымалдаушы кемелерден ұшатын 6 тік ұшақ қатыстырған. Екі елдің әскери теңіз күштерінен құралған біріккен құрам Жапон теңізі, Тынық мұхиттың батысы мен Шығыс Қытай теңізінде ортақ операцияларды жүзеге асырған.
Кезекті біріккен теңіз барлау операциясынан бұрын Ресей мен Қытай теңіз күштері «Петр шығанағында» «Теңіз үсті ынтымақтастығы – 2021» деп аталатын ауқымды әскери жаттығу өткізген болатын. Оған да екі елдің озық әскери техникалары тартылған еді.
Мәскеу мен Бейжіңнің Тынық мұхит аймағындағы қорғаныс ынтымақтастығының дамуы АҚШ пен оның аймақтағы одақтастарының әрекеттеріне қарсы жауап ретінде жасалғаны белгілі. Ресей-Қытай теңіз күштерінің ынтымақтастығы артқан сайын АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Аустралия және Үндістан секілді одақтастар мен серіктердің алаңдаушылығы күшейіп келеді. Қазір кейбір стратегтер Ақ үй мен Пентагонға, Конгреске Бейжің мен Мәскеудің Тынық мұхиттағы ынтымақтастығына қатысты ескерту жасап, әсерлеріне дайын болуға шақыруда.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер