Тәліптер БҰҰ мінберінен сөйлегісі келеді. Ауғанстанды билігін алған «Талибан» осы аптада өтіп жатқан Бас Ассамблея отырысында сөз алуға өтініш берген.
«Талибан» халықаралық қауымдастыққа хат жолдап, БҰҰ Бас Ассамблея отырысында сөз алуға өтініш берген және ұйымның Дохадағы өкілі Сухаил Шахиндиді БҰҰ-дағы елшісі ретінде ұсынған. Бір ай бұрын тәліптер Ауғанстан билігін басып алғаннан кейін бұрынғы президенттің БҰҰ-дағы өкілін танымайтынын мәлімдеген.
БҰҰ өкілдерінің мәлімдеуінше, «Талибан» ұйымының ресми Ауғанстан билігі ретінде Бас Ассамблеядағы құқығы мен өкілеттілігі халықаралық қауымдастықтың арнайы комитеті тарабынан қаралу үстінде. Бұл комитетте 9 мүше ел болып, олардың қатарында АҚШ, Ресей және Қытай да бар.
Еларалық қауымдастық өкілдерінің айтуынша кезекті отырыста тәліптердің сөз берілуі екіталай. Себебі, Бас Ассамблея отырысы келесі дүйсенбіде ақырласады, оған дейін БҰҰ комитеті тарабынан «Талибанның» өкілеттілігі толық таныла қоймайды. Сондықтан оған дейін бұрынғы президент Ашраф Ғанидың БҰҰ-дағы ресми өкілі Гулам Исазай Ауғанстан өкілі болып қала береді.
Осыған дейінгі Ауғанстанның БҰҰ-дағы ресми өкілі Гулам Исазай. Фото: UN News
Күн тәртіп бойынша Гулам Исазай Бас Ассамблея отырысының соңғы күнінде, 27 қыркүйек күні сөз алады. Алайда, «Талибан» мәлімдеме жасап, оның мәлімдемесі мен БҰҰ-дағы миссиясы алдағы Ауғанстан миссиясы білдірмейтінін айтты.