Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қызметінен босатылып, энергетика министрі болып тағайындалды. Президентті жарлығы 9 қыркүйек кешке Ақорда сайтында жарияланды.
Бұған дейін энергетика министрі болған Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған еді.
42 жастағы Мағзұм Мырзағалиев халықаралық экономика және мұнай-газ саласы бойынша маманданған. Тұран университетін, ІІМ дипломатиялық академиясын, Есенов атындағы мемлекеттік технология және инжиниринг университетін бітірген.
Теңіз, Батыс Сібір кеніштерінде жұмыс істеген. "Қазмұнайгазға" қарасты "Теңіз сервис" компаниясын басқарған.
2013 жылдың қазанынан 2014 жылдың тамызына дейін мұнай және газ вице-министрі болған. Одан соң 2019 жылдың маусымына дейін энергетика министрінің орынбасары болды. 2019 жылдың маусымынан бері экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін басқарды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы