Кеше, 5 тамыз жексенбіде Ауғанстан Ұлттық қарсылық шебіне жетекшілік етіп отырған Ахмед Масуд мәлімдеме таратып, егер «Талибан» Панжшерден кететін болса, өзінің діни ақылшыларының кеңесіне құлақ аса отырып, тәліптермен келіссөзге дайындалатынын айтты.
Ахмет Масуд аталған мәлімдемесін Facebook парақшасында мәлімдеген болатын. Бұл күні тәліптер өздеріне бағынбаған соңғы провинция Панжшерге үш тараптан шабуыл жасап, провинция орталығы Базарақ қаласына қарай бет алған еді.
Көптеген ақпарат құралдары кешегі шайқаста Ауғанстан Ұлттық қарсылық шебінің ресми өкілі Фахим Дештин мен Масудтың туысы генерал Абдул Вудудтың тәліптер жағынан өлтірілгенін хабарлады. Масуд тарабы болса «Твиттер» арқылы «Талибанның» белгілі командирлерінің бірін атып өлтіргенін мәлімдеді.
Масудтың мәлімдемесінде, «Талибан» тарабы Панжшер мен Андалабтағы қарулы шабуылдарын тоқтатып, шегінетін болса, Ұлттық қарсылық күштері де шабуылды тоқтатып, тұрақтылыққа жеткізетін келіссөздерге дайындалатынын айтқан.
«Талибан» бұған дейін де Ұлттық қарсылық шебіне жетекшілік еткен Ахмед шах Масудтың ұлы мен бұрынғы вице-президентті бірнеше рет қару тапсырып бағынуға және бейбіт келіссөзге келуге шақырған болатын.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес