Қызылорда облысы Арал қаласының шетіндегі "Аралтұз" акционерік қоғамына қарасты тұз зауытының мыңнан аса жұмысшысы жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Баслымның жазуынша, йодталған ас тұзын өндіретін кәсіпорын алдына 1 қыркүйектен бастап жиналған жұмысшылар жалақыны көбейтуді сұрайды. Олар "Аралтұз" акционерлік қоғамы 2014 жылдан бері жұмысшылар жалақысын көбейтпегенін, қазіргі жалақылары 48 мың теңге екенін айтады. Арал өңірінің экологиялық апат аймағы болып саналуына байланысты жалақыларына 50 пайыз коэфициент қосылады.
Тұз зауыты жұмысшыларының бірі Бауыржан Сәрсенбековтің сөзінше, жалақыны көбейту жөнінде зауыт басшылығына бір ай бұрын жазбаша да талап қойылған.
"Аралтұз" акционерлік қоғамы тұз өндіру және қайта өңдеу саласындағы ірі кәсіпорын. Компания мәліметтеріне қарағанда, жылына 450 мың тоннаға жуық тұз өндіріп, оның 75 пайызын Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украинаға экспорттайды. 1200-ден аса қызметкері бар.
Компания сайтындағы мәліметтерде "2021 жылдың 1 наурызынан бастап зауыт жұмысшыларының жалақасы орта есеппен 10 пайызға көбейеді" деп көрсетілген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді