Қырғызстандағы Шолпан-Атада өтіп жатқан ЕАЭО үкімет басшыларының кеңейтілген отырысы бүгін аяқталды. Онда бірқатар жаңа келісімдерге де қол қойылады деп күтілген болатын.
Ұйымдастырушы ел ретінде Қырғызстанның Министрлер кабинеті басқармасы баспасөз мәлімдемесін таратты. Онда кезекті саммиттің Ауғанстандағы жаңа жағдай және пандемияға байланысты аймақтағы экономикалық қиыншылықтар тұсында өтіп жатқанын баса белгілепті.
Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасы Ұлықбек Мариповтың айтуынша, кезекті кеңейтілген отырыс кезінде Еуразия Экономикалық Одақтың кездескен қиыншылықтарын қамтыған 20-дан астам тақырып қарастырылған. Солардың қатарында мүше елдердің ішкі және сыртқы сауда қатынасына қолдау көрсету, Ауғанстан мен пандемияның жаңа жағдайларында ұйымның өзара ынтымақтастығын тереңдету, сондай-ақ сыртқы кедендік салқытар мәселесін де қарастырылған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес