Бүгін, 19 тамыз Еуразия Экономикалық одағы елдерінің үкімет жетекшілері Қырғызстанда бас қоспақ. Екі күнге жалғасатын шарада экономикалық одақ ішіндегі тауар тасымалы, сыртқы сауда және салық мәселелері қарастырылмақ.
Шолпан-Атада болатын саммитке Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин, Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ұлықбек Марипов, Бельарус премьері Роман Головченко, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Михаиль Мясникович қатысады.
Куба Өзбекстан мен Куба премьер-министрлері онлайн қатыспақ. Қырғыз президенті С.Жапаров Шолпан-Атаға жиналған үкімет жетекшілерімен кездесуді де жоспарлаған.
Екі күнге жалғасатын жиында ЕАЭО-ға мүше елдердің өзара және өзге елдермен саудасын қамтамасыз етуді, тауар тасымалындағы белгіленген біржақты тарифтік емес шараларды үйлестіру және экспорттан түсетін салық мәселелерін талқылайды делінген ресми мәліметтерде.