Өткен аптада «Талибан» Ауғанстандағы стратегиялық маңызға ие провинция орталықтарына шабуыл бастаған болатын. Апта соңында үкімет күштері мен тәліптер арасындағы осы провинция орталықтарына талас қақтығыстары сұрапыл жүрді. Нәтижесінде тәліптердің 5 провинция орталық басып алғаны хабарлануда.
Айта кету керек, Ауғанстанда өткен апта соңында болған қақтығыстың нәтижесі туралы ақпараттар алуан түрлі. Батыс ақпарат құралдары Құндыз, Сар-е-Пул, Талокан секілді 5 провинция орталықтары тәліптердің қолына өтті деп мәлімдесе, жергілікті ресмилер таратқан мәліметтерде бұл провинция орталықтарының кейбірі әлі де талас үстінде екені, үкімет күштері өз бақылауын жоғалтпағанын айтады.
Құндыз қалалық кеңесінің төрағасы Мухаммед Юсуф жексенбі күнгі мәлімдемесінде, тәліптердің Құндыз қаласына шауыл жасағанын растады. Алайда, оның айтуынша «Талибан» күштері қаланың тек кейбір аумақтарына ғана иелік етіп тұр.
АҚШ бастаған шетел күштері елден шығарыла бастаған кезде Ауғанстанда ішкі қақтығыс күшейіп кетті. Тәліптер жағы «әл-Жазира» арнасы арқылы Құрама Штаттарға ескерту жасап, бұдан былай ауған жеріне қол салмауы керек деді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр