АҚШ әскерінің Ауғанстаннан толықтай шығарылатын уақыты жақындады. Осы кезде үкімет пен «Талибан» арасындағы қақтығыс та күшейе түсті. Елдегі бұл жағдай Құрама Штаттардың әуе күштерін ауған үкіметін қолдау мақсатында әуе соққыларын көбейтуге итермелеп отыр. Ал, дәл осы кезде Ауғанстан мәселесінде аса маңызды рөл ойнайтын Пәкістан дағдарысқа қатысты ескерту жасап жатты.
Бейсенбі күні Пәкістанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Моед Юсуф америкалық шенеуніктермен онлайн кездесті. Кездесуде Ауғанстан мәселесі талқыланды. Пәкістан шенеунігі кездесуде Уашингтонның «ішкі келісім» туралы мәлімдемесін қуаттап сөйледі. Ол Ауғанстандағы екі тараптың ешқайсысы да толық жеңіске жете алмайтынын баса айтты. Пәкістан тарабының пікірінше, қазіргі жағдайдан алып қарағанда келіссөзді қайырып қойып, қарулы операцияларды алға жылжыту екі жақты да мүддесінен айырады.
Юсуфтың кездесудегі пікіріне қарағанда, Исламабад билігі үшін Ауғанстандағы қос тараптың қақтығысы тиімсіз. Сондықтан, Пәкістан Ауғанстандағы бейбітшілікті қалпына келтіру бойынша АҚШ-пен ынтымақтастық орнатуға дайын.
Әрине, тараптардың ресми кездесулерінде бұндай сөздер айтылуы қалыпты. Дегенмен, саяси сөздің нақты болмыстағы көрінісі біз елестеткендей болмай шығып жатады. Ауғанстан жағдайы әлі де талай уақытқа дейін өзіне жақын елдер мен аймақтарға өз ықпалын тигізетіні анық.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны