Біріккен Ұлттар Ұйымында жаңа кеңес құрылмақ. Халықаралық қауымдастықтың Жалпы кеңесі қабылдаған қаулы бойынша жаңадан құрылған форум нәсілшілдікке қарсы күрес істерімен айналысады.
Жаңа форумның құрылуына қауымдастық кеңесінің 193 мүшесі түгел дауыс берді. Нәсілшілдік, нәсілге бөлу, еліндегі шетел азаматтарына дұшпандық мәселелерін шешу үшін құрылған форум «Африкалық нәсілдегі адамдардың тұрақты форумы» деп аталады.
Оның басты міндеті африкалық нәсілдегі адамның саяси, экономикалық және әлеуметтік қатысуы мен құқығының қорғалуына қолдау көрсету. Бұдан тыс БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі кеңесі, Жалпы кеңесі және өзге де ұйымдарына нәсілшілдікпен күресу бойынша эксперттердің ұсыныстарын жеткізу міндеті бар.
Форумға 10 мүшені БҰҰ жалпы кеңесі сайлайды. Ал, 5 мүшені қауымдастықтың Адам құқығы жөніндегі кеңесінен ұсынылады. Форумның алғашқы отырысы 2022 жылы өтетін болады.