Орал соты белсенді Орынбай Оқасовты "бір жыл ішінде тәртіпті бұзып, заңсыз митингке қатысқаны үшін" 20 тәулікке қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлады Орталық Азия жаңалықтар қызметі
Ол абақтыдан шықпай жатып, осымен үшінші рет қамалып жатыр.
Жаңа жаза оған түрмеден шығуына бір күн қалғанда шығарылған. Бұл жолы оны 30 мамырда Оралдың орталық саябағында митингке қатысқаны үшін соттаған.
- Сот Оқасов өзінің іс-әрекетін мойындауы керек дейді. Босап шығуға мүмкіндік бермей отыр, - дейді белсендінің адвокаты Айсұлу Биялиева.
Орынбай Оқасов — көптеген наразылық акцияларға қатысушы, оралдық белсенді. Ол "Қазақстанның демократиялық таңдауы" мен "Көше партиясы" қозғалыстарын "экстремистік ұйым" деп тану туралы сот шешіміне қарсы шығып, биліктен Еуропарламент қарарын орындауды талап еткен белсенділердің бірі.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті