«Daily News» агенттігінің кешегі хабарында АҚШ Калифорния штатындағы Дисней Калифорния паркінде (Disney Adventure Park) болған орман өртінен 100-ден астам адам жоғалған. Таудың аумақты алқабына жайылған өрт Калифорния аспанын нарт қызыл реңге бояған. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.

Өрт алғаш 9 қазан күні болған. Тілсіз жаудан хабар ала салысымен Калифорния шататының губернаторы Жерри Броун Дисней ұлттық паркін төтенше жағдайдағы аумақ ретінде жариялаған. Жергілікті биліктің мәліметіне сенсек, өрттен кемінде 15 адам қаза болған. Зардап шеккендер туралы нақты дерек әлі тарқатылмады.

Тілсіз жау Калифорнияның 8 ауданына таралып,  шамамен 5,7 млн гектар жерді шарпыған. Әзірге дейін 1500-ден астам үйдің өртенгені мәлім болып отыр. 20 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшіруге тура келген.

“The Qazaq Times”