Арменияда наразылық көңіл-күйі күн өткен сайын артып барады. Бүгін ел премьер-министрі Никол Пашинян оппозиция өкілдерін мерзімнен бұрын өтетін парламенттік сайлауға қатысуға шақырды.
Сонымен қатар, ол Еревандағы Республика алаңында өткен митинг кезінде үкіметінің жіберген қателіктері үшін халық алдында кешірім сұрады. Қазір ел астанасында Пашинянның жақтастары мен оппозиция екіге бөлініп митингтер өткізіп жатыр.
Халыққа мәлімдемесінде Пашинян: «Өз қателіктерім үшін Армения халқының алдында кешірім сұраймын. Саяси күштер біздің ұсыныстарымызбен келіссе кезектен тыс саяси дода өткізуге дайынбыз. Халық бұл мүмкіндікті пайдаланады деп ойлаймын. Парламент оппозициясын мерзімнен бұрын өтетін парламенттік сайлауға қатысады деп ойлаймын», – деді.
Былтыр Әзірбайжан мен Армения арасында алты аптаға созылған Таулы Қарабақ үшін қақтығыстан кейін Пашинянның отставкасын талап еткендер саны артқан. Өткен аптада Армения Қарулы күштерінің Бас штабы премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін еткен. Әскерилердің бұл талабына оппозициялық «Отанды құтқару қозғалысы» қолдау білдірді.
Оппозициялық бірлестіктің хабарламасында: «Отанды құтқару қозғалысы» жоғары командалық құрамның Пашинянды отставкаға кетіру туралы өтінішін құптайды. Біз армян халқын Бостандық алаңына жиналып, қарулы күштер мен әскерлерді қолдауға шақырамыз», – делінген.
Құжатта Қарулы күштер елдің қауіпсіздігі мен бірлігінің кепілі екені айтылған. Бұл жағдайға Бас штаб басшысының бірінші орынбасарының қызметінен босатылуы себеп. Премьер-министр Пашинянның жоғары лауазымды қызметкерді орнынан кетіру туралы ұсынысыны Армения президенті Армен Саркисан мақұлдаған. Енді осыған байланысты қарулы күштер Никол Пашинянмен қоса үкіметтің де отставкаға кетуін талап етті. Ал Пашинян мұны «әскери төңкеріс» деп атады.