Amazon компаниясының негізін қалаушы, әлемдегі ең бай адамдардың бірі Джефф Безос New Shepard кемесімен ғарышқа ұшты. Аталған ғарыш кемесін миллиардердің жеке компаниясы Blue Origin құрастырған.
ВТОРNew Shepard капсулалы ракетасы жергілікті уақытпен сағат 09:10-да Техастың батысындағы Безостың жеке ғарыш айлағынан ұшырылды. Одан кейін әуе кемесі зымыран тасығыштан бөлініп 100 км биіктікке көтерілді. Жалпы ұшу уақыты 11 минут болған.
Безос мінген кеме жақында ғана ғарышқа сапар жасаған британдық миллиардер Ричард Брэнсоннан жоғары ұшқан. Егер Virgin Galactic компаниясының Unity кемесі Жерден 90 км биіктікке көтерілсе, New Shepard 106 км ұшқан.
Астрономдардың айтуынша, бұл қашықтықта аспан қара, ал жердің дөңес беті өте анық көрінеді. Дегенмен туристер 400 шақырым биіктікте орналасқан халықаралық ғарыш станциясына жете алмайды. Өткен онжылдықта бұл станцияға барып-қайту үшін туристер ондаған млн доллар төлеген болатын.
2022 жылдан бастап тұрақты ғарыш турлары ұйымдастырылмақ. Бір билеттің құны 250 мың доллар тұрады. Келесі жылға 700 билет алдын ала сатылып қойған.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы