Blue Origin аэроғарыш компаниясының New Shepard ғарыш кемесімен ғарышқа ұшу билетінің құны ашық аукцион кезінде 2,8 миллион доллардан асты. Билет құны әлі де көтеріліп жатыр.
Джефф Безостың аталған аэроғарыш компаниясы New Shepard кемесінің экипажбен алғашқы суборбиталық ұшуына орын алуға өтінімдерді 2020 жылдың 20 шілдесінен бастап ұсынған. Бастапқыда компания жоспары бойынша бәссауда жабық режимде өткен. Оған 136 елден 5200 үміткер қатысты. 12 маусымда өтетін аукцион жеңімпазы Blue Origin-ның Батыс Техастағы ғарыш айлағында үшкүндік даярлықтан өтіп, одан кейін ғарышқа ұшады. Оған компанияның бес қызметкері қосылады.
Жоспар бойынша, ғарыш туристері жерден 100 шақырым биіктікке көтеріліп, суборбиталық кеңістікке енеді. Содан кейін олар ғарышта қалықтап жүріп, салмақсыздық жағдайында планетаны үстінен бірнеше минут тамашалап, жерге үш парашютке байланған арнайы капсуламен оралады. Капсуланың алты терезесі «Боинг-747» ұшағының әйнектерінен әлдеқайда үлкен.
Астрономдардың айтуынша, бұл қашықтықта аспан қара, ал жердің дөңес беті өте анық көрінеді. Дегенмен туристер 400 шақырым биіктікте орналасқан халықаралық ғарыш станциясына жете алмайды. Өткен онжылдықта бұл станцияға барып-қайту үшін туристер ондаған млн доллар төлеген болатын.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?