Алматыда қолдан ПТР-анықтама жасаған және коронавирусқа қарсы вакцинаның жалған паспортын сатқан медицина қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы дүйсенбі күні Polisia.kz сайты хабарлады.
Полиция мәліметінше, ПТР-анықтаманы қолдан жасау қылмысына "Достар Мед" және "Сұңкар" жеке медициналық орталықтың кейбір қызметкерлерінің қатысы бар.
"Бірінші жағдайда клиникадағы зертхананың жұмысшысы орталықтың екі медбикесінің көмегімен биоматериал алмай-ақ нәтижесі теріс ПТР тест жүргізіп, сол үшін ақшалай сыйақы алған. Біраз уақыт өткен соң "Сұңқар" медицина орталығының дәрігер-эндоскописі ұсталды" делінген полиция хабарламасында.
Ондағы ақпаратқа сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинаның жалған паспортын жасаған №4 аурухана қызметкері де ұсталған. Ол сол "қызметі үшін 15 мың теңге алғанын мойындаған". Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша ("Жалған құжаттарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Бұл бап бойынша 4 жылға дейін бас бостандықтан айыру жазасы қарастырылған.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сүйенген Vlast сайтының жазуынша, шілде айынан бері астанада ПТР-анықтаманы қолдау жасау ісі бойынша екі факт тіркелген. Жеке медициналық орталықтың басшысы ұсталған. Бұған қоса, ІІМ шетелде жүрген қазақстандықтың жалған анықтама сатумен айналысқанын хабарлады. Ол бойынша да қылмыстық істер қозғалған.
Бұған дейін Алматыдағы туристік компаниялардың бірі адамдарды Сауд Арабиясына қажылыққа жіберу үшін 143 вакцина паспортын қолдан жасаған деп хабарланған еді.
Өткен аптада ішкі істер министрлігі жалған вакцина паспортын жасауға қатысты төрт қылмыстық іс қозғалғанын қайталаған. Ведомство "жалған вакцина паспортын жасау жаппай сипат алды" деген ақпаратты жоққа шығарған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді