Тәжікстан Ауғанстаннан 400-ден астам босқынды елге кіргізді. Қазір мигранттар Таулы Бадахшан автономды облысының аумағына орналастырылған.
Тәжікстан шекарасындағы қауіпсіздікке төнген қатер ел экономикасын бір бүйірден қысты. Сарапшылар алдағы уақытта босқындар саны артады дейді. Сол себепті ел билігі босқындарға әлеуметтік көмек пакетін дайындап жатыр.
Ауғанстандағы жағдай АҚШ әскері шығарылғаннын кейін ушыға түсті. «Талибан» қозғалысы ірі қалаларға шабуыл жасап, ауылдарды басып алып жатыр. Тәжік тарапының ақпараты бойынша тәліптер қазірдің өзінде екі елге ортақ мемлекеттік шекараның 70% бөлігіне бақылау орнатқан.
5 шілдеде Тәжікстанның Шекара қызметі Талибан содырлары Бадахшан елді-мекенінің Хохон, Шикай, Нусай, Мохимай, Шугнон және Султан Ишкашим аудандарын толығымен басып алғанын жариялады. Бадахшан аймағындағы Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасының ұзындығы – 910 шақырым.
Бір күн бұрын Тәжікстан Ауғанстанмен шекарада қауіпсіздікті күшейту үшін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан көмек сұраған. Тәжікстанның ҰҚШҰ-дағы өкілі Хасан Султонов мәлімдемесінде: «Аймақтағы жағдайды ескерсек, сонымен бірге Ауғанстанмен шекарадағы жекелеген аумақтың таулы ауданда шоғырланғанын есепке алсақ, мәселені жеке шеше алмаймыз», – деді. Оның сөзіне қарағанда, кейінгі екі аптада тәліптермен соғыста кері шегінген ауған үкімет күштерінің 1,5 мыңға жуық жауынгері тәжік шекарасынан кесіп өткен.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?