«Талибаннан» бас сауғалаып Тәжікстан шекарасына кіріп кеткен ауған сарбаздарының саны мыңнан асты. Бұндай мәліметті тәжік шекарашылары да, Кабул ресмилері де растады. Тәжікстан ҰҚШҰ-дан көмек сұрады және резервтегі 20 мың жасақты моблизациялады.
Соңғы кездері «Талибан» ұйымы АҚШ пен НАТО күштерінің елден шегініп жатқанынан пайдаланып елдегі бақылау аймақтарын кеңейтіп жатыр. Әсіресе елдің Өзбекстан және Тәжікстанмен шекаралас солтүстік аймақтарындағы белсенділігі арта түсті.
Кейбір сырт елдердің ара ағайындығымен өтіп жатқан келіссөздерге қарамастан «Талибан» ұйымы үкімет күштерімен соғысты тоқтатудан бас тарытп келеді. Қазір елдің үштен бір бөлігін бақылауына алған тәліптер Кабулды басып алып, елді тұтастай бақылауда ұстауды көздейді.
Екі апта ішінде ауған тарабынан Тәжікстан шекарасы 5 рет бұзылды. Олар негізінен тәліптерден ығысып Тәжікстанға кіруге мәжбүр болған ауған қауіпсіздік күштері. Қазірге дейін 1600-ден астам ауғанстандық жауынгер шекарадан өткен.
Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы екі шекара бекетін «Талибан» ұйымының бақылауға алуы Тәжікстанды экономикалық қысымға ұшыратты. Бұл жолдар Тәжікстанның Ауғанстан арқылы Пәкістан, Үндістан және Иранға тауар тасымалдарын буып тастаған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес