Шілде айында жауын-шашынның аз түсуіне байланысты Қазақстанның 4 облысында экстремалды құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін, 7 шілдеде «Қазгидромет» орталығы хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, шілдеде экстремалды құрғақшылық болуы мүмкін аймақтар:Ақтөбе облысы (Нұра, Ырғыз), Қостанай облысы (Қарамеңді, Амангелді), Атырау облысы (Құлсары), Маңғыстау облысы (Аққұдық).
Қатты құрғақшылық болуы мүмкін аймақтар: Ақмола облысы (Есіл, Жақсы, Атбасар), Ақтөбе облысы (Новороссийское, Қарабұтақ, Басқұдық, Нұра, Ырғыз), Қостанай облысы (Пресногорьковка, Аршалы, Тобыл, Аралкөл, Торғай), Солтүстік Қазақстан облысы (Тайынша), Маңғыстау облысы (Сам).
Орташа құрғақшылық болуы мүмкін аймақтар: Ақмола облысы (Балкашино), Ақтөбе облысы (Комсомольское, Темір), Қостанай облысы (Михайловка, Қарасу, Жітіқара, Құсмұрын, Диевская, Железнодорожный), Солтүстік Қазақстан облысы (Явленка, Сергеевка және Рузаевка), Шығыс Қазақстан облысы (Лениногорск), Жамбыл облысы (Қордай), Алматы облысы (4-ші Ауыл), Қызылорда облысы (Қазалы), Атырау облысы (Атырау).
Маусым айының соңғы онкүндігінде жауған мол жауын-шашынның арқасында, орташа ылғалдылық жағдайыГ: Батыс Қазақстан облысы (Жалпақтал, Жәнібек, Орда), Шығыс Қазақстан облысы (Бақты), Маңғыстау облысы (Бейнеу).
Қалған аумақтардағы ылғал көлемі норма шамасында болады. Бұдан бөлек, синоптиктер шілде айында елдің солтүстік-шығыс жартысында жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп күтілетінін атап өтті.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды